Рубрика: Дұрыс тамақтануды насихаттау

Асханада жұмыс жоспарына сай наурыз айының 10 -14 сі аралығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты: тамақ сапасын жақсарту, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, медицина қызметкері, қонақтар мен көпшілікті мектеп асханасының жұмысымен, біздің мектеп оқушылары үшін дайындалған тамақтану мен мәзірлермен таныстыру. Балаларға жеміс-жидек, көкөніс және ақуызы бар тағамдардың көптігі дұрыс, пайдалы тамақтану қажет. «Ашық есік» күніне келгендер мәзірден дайындалған тағамның дәмін татып, өз ойларын білдірді. Аспазшыға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» атты сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. Сауалнама қазақ тілінде алынып, жалпы 21 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді.

2025 жылы қаңтардың 20 – күні 6- сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты:Оқушыларға тамақтану мәдениетін меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін айтып, тағамға, дастарханға байланысты ырымдар мен ас қайыруға бата беріп, ұлттық құндылықты насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жауапты: Мамытбаева Фатима.

2024-2025 оқу жылының қаңтар айының 13- де 5 — сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: тағамның құрамында негізгі қоректі заттардың болуы, тәулік бойы тамақтану тәртібі мен тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болу керектігі туралы түсінік қалыптастыру. Онда тамақтану тәртібі туралы, кез келген аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ақпарат берілді.

2024 жылдың қарашаның 29 – күні 4- сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

2024 жылдың қарашаның 29 – күні 4- сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Дені сау болу үшін дұрыс тамақтану керектігін түсіндіру.,Дәрумендер туралы білімдерін кеңейту, қосымша мәліметтер бере…

2024 жылдың 15 қарашада 1-2 сынып аралығында «Дұрыс тамақтану әдет — ғұрпын құру» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша ата аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Жауаптылар: Көлбаева Анар, Сулейменова Салтанат