Ю.А.Гагарин атындағы 7 жылдық мектеп “Восток” колхозының колхозшыларының көмегімен 1956 жылы салынған. Мектеп ғимараты Жібек Жолы көшесінде орналасқан. Сол жылдардан бастап 1996 жылға дейін осы салынған ғимаратта жұмыс істеді. Мектеп негізінен аудан көлемінде әскери ұшқыштар бөлімшесінің жұмыс атқаруына байланысты осы мөлтек ауданындағы атқарылған іс-шаралар нәтижесінде совет одағының алғашқы ғарышкері, батыры есімімен аталып келеді. Мектеп атауы осы жылдар аралығымен осы күнге дейін ресми атауы өзгертілген жоқ. 1996 жылы мектеп аудан әкімі С.Садықовтың қолдауымен Луговой жөндеу заводының қарамағындағы бос тұрған балабақша ғимаратына ауыстырылды.
Әр жылдардағы мектеп басшылары :
Мороз Нина Ивановна.
Вавилина Алефтина Афанасевна
Дриис Татяна Ивановна
Даубаева Фатима Нарезимқызы
1988–1993 жылдары Қазақбаева Дариякул
1993–1999 жылдары Когай Вера Владимировна
1999- 2001 жылдар Ахатаев Бердалы Ахатаевич
2001-2003 жылдар Досмедетов Ертай Дауылбаевич
2005-2010 жылдар Қарашева Сауле Тананқызы
2010-2013 жылдар Тасыбаев Қайрат Байғашұлы
2013-2016 жылдар Ембердиева Айсулу Уайдилдәқызы
2016 жылдан Тасыбаев Қайрат Байғашұлы