Дұрыс тамақтануды насихаттау 2025 жылы қаңтардың 20 – күні 6- сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты:Оқушыларға тамақтану мәдениетін меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар тамақтану мәдениетінің 10 ережесін айтып, тағамға, дастарханға байланысты ырымдар мен ас қайыруға бата беріп, ұлттық құндылықты насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жауапты: Мамытбаева Фатима. 20.01.2025 Бұлбұл Сейтимбетова 0 Комментарий
Дұрыс тамақтануды насихаттау 2024-2025 оқу жылының қаңтар айының 13- де 5 — сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: тағамның құрамында негізгі қоректі заттардың болуы, тәулік бойы тамақтану тәртібі мен тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болу керектігі туралы түсінік қалыптастыру. Онда тамақтану тәртібі туралы, кез келген аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ақпарат берілді. 13.01.2025 Бұлбұл Сейтимбетова 0 Комментарий