Асханада жұмыс жоспарына сай наурыз айының 10 -14 сі аралығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты: тамақ сапасын жақсарту, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, медицина қызметкері, қонақтар мен көпшілікті мектеп асханасының жұмысымен, біздің мектеп оқушылары үшін дайындалған тамақтану мен мәзірлермен таныстыру. Балаларға жеміс-жидек, көкөніс және ақуызы бар тағамдардың көптігі дұрыс, пайдалы тамақтану қажет. «Ашық есік» күніне келгендер мәзірден дайындалған тағамның дәмін татып, өз ойларын білдірді. Аспазшыға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» атты сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. Сауалнама қазақ тілінде алынып, жалпы 21 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді.