Навигация по записям 2024-2025 оқу жылының қаңтар айының 13- де 5 — сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: тағамның құрамында негізгі қоректі заттардың болуы, тәулік бойы тамақтану тәртібі мен тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болу керектігі туралы түсінік қалыптастыру. Онда тамақтану тәртібі туралы, кез келген аурудың алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында ақпарат берілді. Асханада жұмыс жоспарына сай наурыз айының 10 -14 сі аралығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты: тамақ сапасын жақсарту, ата-аналар комитеті, қамқоршылық кеңесі, медицина қызметкері, қонақтар мен көпшілікті мектеп асханасының жұмысымен, біздің мектеп оқушылары үшін дайындалған тамақтану мен мәзірлермен таныстыру. Балаларға жеміс-жидек, көкөніс және ақуызы бар тағамдардың көптігі дұрыс, пайдалы тамақтану қажет. «Ашық есік» күніне келгендер мәзірден дайындалған тағамның дәмін татып, өз ойларын білдірді. Аспазшыға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» атты сауалнамасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. Сауалнама қазақ тілінде алынып, жалпы 21 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді.