«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;

      2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы — «Әділет» АҚЖ